Дүкен клиенттеріне бонустар мен жеңілдіктер
Клиент телефон нөмірін қалдырады да, әр сатып алудан бонус жинайды. Ешқандай пластик карта жоқ: бүкіл база мен баланс бағдарламада.
Кеңес тегін әрі ешнәрсеге міндеттемейді

Бұл қалай жұмыс істейді
Клиент нөмірін айтады
Кассир оны телефон нөмірімен тауып алады немесе жаңасын бір минутта кассада-ақ тіркейді.
Бонустар өзі жиналады
Сатып алудан пайыз клиенттің балансына түседі. Мөлшерлемені өзіңіз белгілейсіз: 1%, 3% немесе кез келген басқасын.
Төлем кезінде жұмсалады
Чектің бір бөлігі — бонуспен, қалғаны ақшамен. Шегеру лимиті өз бақылауыңызда.
Дәптер орнына клиент карточкасы
- Клиенттің барлық сатып алу тарихы және орташа чегі
- Бонус пен қарыз балансы бір жерде
- Клиент туралы жазбалар: «әрқашан қантсыз алады»

Бонустар тікелей кассада жұмыс істейді
- Есептеу мен шегеру төлем сәтінде, артық батырмасыз
- Кассир клиенттің балансын көріп: «сізде 1 200 бонус бар» деп айтып жібереді
- Бонустармен жасалған барлық операция тарихта сақталады

Сыйлық сертификаттарын бағдарламадан сатыңыз
- Номиналдарды өзіңіз белгілейсіз: 5 000, 10 000, 15 000 немесе кез келген басқасын
- Сертификат сатып алушыға PIN-кодымен SMS арқылы жіберіледі
- Сертификатпен төлеу кассада қабылданады, қалдығы жүйеде сақталады

Әр сатып алудан бонус
Есептеу пайызын өзіңіз белгілейсіз. Клиент балансын чектен көреді де, жұмсау үшін қайта келеді.
Тұрақты клиенттерге жеңілдік
Клиентке немесе топқа жеке жеңілдік: көтерме сатып алушыларға — өз бағасы, өз адамдарыңызға — өз пайызы.
Тарихы бар клиенттер базасы
Кім, қашан, не және қанша сомаға сатып алғаны. Дәптер мен сатушының жады орнына клиент карточкасы.
Қарызға сату
Қарыз клиенттің балансында тіркеледі. Өтеу кассада қабылданады, тарихы карточкада сақталады.
Шегеру лимиттері
Бонуспен төлеуді шектеңіз, мысалы чектің 30%-ы, сонда жомарттық маржаңызға соққы болмайды.
Клиент сегменттері
Тұрақты, ұйқыдағы, жаңа: кімнің көп екені және кімді жоғалтып жатқаныңыз көрінеді.
Сыйлық сертификаттары
PIN-коды бар және SMS арқылы жіберілетін сертификаттар сатыңыз. Сертификатпен төлеу тікелей кассада қабылданады.
Көтерме бағалар
Көтерме сатып алушыларда өз прайсы бар: бөлшек және көтерме баға бір бағдарламада, керегі өзі қойылады.
Онлайн-витрина
Дүкеніңіздің каталогы сілтеме арқылы: фото, бағалар және қолда бары. Клиент тауарды брондайды да, тапсырыс бірден сатушыға келеді.
Жиі қойылатын сұрақтар
Пластик адалдық карталары керек пе?
Жоқ. Клиент телефон нөмірімен анықталады: кассир оны кассада енгізеді, бонустар есептеледі. Карта шығаруға ешқандай шығын жоқ.
Клиент бонус балансын қалай біледі?
Баланс әр сатып алудан кейін чекте басылады, ал кассир оны экраннан көріп, айтып бере алады.
Бонуспен төлеуді шектеуге бола ма?
Иә, лимит қойыңыз: мысалы, бонуспен чектің 30%-ынан артығын жабуға болмайды. Есептеу пайызы мен лимит дүкеніңізге қарай бапталады.
Қарызға сату жұмыс істей ме?
Иә. Сату кезінде қарыз клиенттің балансына жазылады, өтеу кассада тіркеледі. Қарыздар есебі кімнің қанша қарыз екенін көрсетеді.
Бонустарды өз дүкеніме қарай баптауға бола ма?
Иә: есептеу пайызы, шегеру лимиті, клиент топтарына жеңілдіктер. Іске қосу кезінде сіздің саланызда жұмыс істейтін схеманы таңдауға көмектесеміз.
X2 POS-тың басқа мүмкіндіктері
15 минутта жанды демода көрсетеміз
Бағдарламаны өз дүкеніңіз бен өз тауарыңыздың мысалында көрсетеміз. Тегін әрі ешқандай міндеттемесіз.
4300+ дүкен X2 POS қолданады · 8 жыл Қазақстан нарығында · ★ 4.9 2GIS-тегі рейтинг · 60 пікір