Жаңа · Эксперт тарифі

Сатып алу болжаммен емес, есеппен

Көзмөлшермен емес, болашақ сұраныс бойынша сатып алыңыз. X2 не жақында бітетінін және қанша тапсырыс беру керегін айтады, жеткізушіге тапсырысты өзі жинайды: сізге тек тексеріп, жіберу қалады.

Кеңес тегін әрі ешнәрсеге міндеттемейді

4300+дүкен X2 POS қолданады
8жыл Қазақстан нарығында
Бұрын және қазір

Сатып алу: бұрын және қазір

Бұрын қалай едіКөзбен шамалап немесе «өткен жолғыдай» тапсырыс берілетін. Кейін біреуі жетпей, екіншісі айлап жататын.
X2-мен қалайX2 тапсырысты өзі жинады. Сіз қарап, бір-екі жолды түзеттіңіз де, жеткізушіге жібердіңіз.
Бұрын қалай едіСүттің біткенін сатып алушы көршіге кетіп қалғанда ғана білетінсіз.
X2-мен қалайЖұмаға қарай сүт қалмайтыны сәрсенбіде-ақ көрінеді, тапсырыс беруге уақыт бар.
Бұрын қалай едіАқша ешкім алмайтын тауарда тұрып қалатын.
X2-мен қалайX2 сөреде не тұрып қалғанын және оны қай филиалда тезірек алатынын көрсетеді.

Бұл қалай жұмыс істейді

1

Әдеттегідей сатасыз

X2 сатуды өзі бақылайды, ештеңе баптаудың қажеті жоқ.

2

X2 айтып береді

Не жақында бітеді, қанша тапсырыс беру керек және қай жеткізушіден.

3

Сіз бір басумен шешесіз

Тапсырысты тексеріп, қажет болса түзетіп, жеткізушіге жібердіңіз.

Не бітетіні алдын ала көрінеді

  • Жақын күндері бітетін тауарлар тізімі және әрқайсысының күні
  • Ең шұғылы жоғарыда, ештеңе назардан тыс қалмайды
  • Әр филиал бойынша бөлек: әр дүкеннің өз сатып алушысы бар

Жеткізушіге тапсырыс өзі жиналады

  • X2 қанша тапсырыс беру керегін келесі жеткізуге дейінгі қормен есептеп қойған
  • Тапсырыс жеткізушілерге бөлінген, әрқайсысына тек өз тауары
  • Жіберер алдында кез келген жолды түзетуге болады

Киім мен аяқ киім: өлшем мен түс бойынша тапсырыс

  • Үлгінің бүкіл тапсырысы бір кестеде, Excel-дегідей
  • Қай өлшемдер өтіп жатқаны, қайсысы ілулі тұрғаны көрініп тұрады
  • Өлшем мен түстің жаңа үйлесімі карточкада әлі жоқ па? Тапсырыстың ішінде қоса салыңыз

Бекер жатқан тауар

  • X2 не сатылмай жатқанын және оған қанша ақша кеткенін көрсетеді
  • Бұл тауарды қай филиалда алатынын айтады
  • Филиалдар арасында жылжыту бір-екі басумен рәсімделеді

Өз сатуларыңызда көріңіз

Менеджер сатуларыңызды жүктеп, X2 не тапсырыс беруді ұсынатынын көрсетеді. Өзіңіз білетінмен салыстырасыз.

Менің деректерімде көрсету

Біту күні

«Қоймада аз» емес, «жұмада бітеді».

Бір басумен тапсырыс

Кеңес бірден жеткізушіге тапсырысқа айналады.

Өлшемдер мен түстер

Excel кестелерінің орнына киім мен аяқ киімге арналған тор.

Жатып қалған тауар көз алдыңызда

Сатылмай жатқан тауарда қанша ақша тұр.

Филиалдар арасында жылжыту

Бір дүкендегі артық тауар оны күтіп отырған жерге кетеді, сатып алу азаяды.

Таңертеңгі еске салу

Не тапсырыс беру керегі таңғы шолуда келеді.

1 басукеңестен жеткізушіге тапсырысқа дейін
Күн сайын таңертеңне тапсырыс беру керегінің жаңа тізімі
0сатып алуды есептеуге арналған Excel кестесі

Эксперт тарифіне кіреді, жылға төлегенде айына 19 900 ₸-ден.

Тарифтерді көру

Жиі қойылатын сұрақтар

X2 қанша тапсырыс беру керегін қайдан біледі?

Сіздің сатуларыңыздан. X2 әр тауардың әр филиалда қалай сатылатынын қарап, келесі жеткізуге дейін қанша керек болатынын есептейді. Бұл сіздің ассортиментіңізде қалай көрінетінін менеджер кеңес кезінде көрсетеді.

Сату тарихы қанша керек?

X2-дегі бір айлық сату жеткілікті. Мүлдем жаңа тауарлар бойынша кеңес олардың өз тарихы жиналғанда шығады.

Ал менде акция болса немесе сұраныс туралы өзімнің білетінім болса?

Тапсырыстың кез келген жолын түзетуге болады. X2 ұсынады, шешім сізде.

Киім мен аяқ киімге жарай ма?

Иә. Олар үшін өлшем мен түс торы бойынша тапсырыс бар: не өтіп жатқаны, не ілулі тұрғаны көрінеді, тапсырысты кестенің ішінде беруге болады.

Сатып алу болжамы қай тарифте бар?

Эксперт тарифінде. Оны өз сатуларыңызда менеджермен бірге тегін көруге болады.

15 минутта жанды демода көрсетеміз

Бағдарламаны өз дүкеніңіз бен өз тауарыңыздың мысалында көрсетеміз. Тегін әрі ешқандай міндеттемесіз.

4300+ дүкен X2 POS қолданады · 8 жыл Қазақстан нарығында · ★ 4.9 2GIS-тегі рейтинг · 60 пікір

Қашан іске қосу керек?

Жұмыс уақытында 10 минут ішінде қоңырау шаламыз

немесе
Тікелей байланысу

Түймені басу арқылы сіз келісесіз: саясатпен

Форма Google reCAPTCHA қорғауында · Privacy · Terms

WhatsApp Тегін кеңес алу