Банк картасымен төлем жасау саясаты

Банк карталарымен төлем Freedom Pay сервисі арқылы жүзеге асырылады.

VISA және MasterCard карталары төлем үшін қабылданады.

MasterCard SecureCode   Verifyed By Visa  

Интернет арқылы төлем жасау қызметі Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің ережелеріне сәйкес, төлемдердің құпиялығы мен қауіпсіздігін сақтау принциптері негізінде жүзеге асырылады, ол үшін ең заманауи тексеру, шифрлау және деректерді жабық байланыс арналары арқылы беру әдістері қолданылады. Банк картасының деректерін енгізу FreedomPay қорғалған төлем бетінде жүзеге асырылады.

Банк картасының деректерін енгізу бетінде карта нөмірі, карта иесінің аты-жөні, картаның жарамдылық мерзімі, үш таңбалы қауіпсіздік коды (VISA үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) енгізіледі. Барлық қажетті деректер картаның өзінде жазылған.

Үш таңбалы қауіпсіздік коды картаның артқы жағында орналасқан.

Содан кейін сіз банк бетіне 3DSecure кодын енгізу үшін қайта бағытталасыз, ол сізге SMS арқылы жіберіледі. Егер сізге 3DSecure коды келмесе, картаны шығарған банкке хабарласуыңыз керек.

Төлем жасаудан бас тарту жағдайлары:

○ банк картасы интернет арқылы төлем жасауға арналмаған, мұны картаны шығарған банктен білуге болады;

○ банк картасында төлем жасау үшін қаражат жеткіліксіз. Банк картасында қаражаттың бар-жоғын картаны шығарған банктен білуге болады;

○ банк картасының деректері дұрыс енгізілмеген;

○ банк картасының жарамдылық мерзімі аяқталған. Картаның жарамдылық мерзімі әдетте картаның бет жағында көрсетілген (ай және жыл түрінде). Картаның жарамдылық мерзімін картаны шығарған банктен білуге болады;

Банк картасымен төлем жасау және сайттың жұмысына байланысты басқа сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7-708-675-02-44.

Сіз ұсынған жеке ақпарат (аты-жөні, мекенжайы, телефоны, e-mail, банк картасының нөмірі) құпия болып табылады және жария етілмейді. Сіздің кредиттік картаңыздың деректері тек шифрланған түрде жіберіледі және біздің Web-серверде сақталмайды.

Қайтару ережелері

Өнімге қол жеткізу (активациялау) берілгеннен кейін Компания Өнімді пайдалану құқығын толық көлемде ұсынған болып саналады.

Осы Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда көрсетілген қызметтер үшін төленген сыйақы сомасы қайтарылмайды.

Қате орындалған операциялар бойынша қаражатты қайтару үшін жазбаша өтінішті және төлқұжаттың көшірмесін, сондай-ақ қате төлемді растайтын чектерді/түбіртектерді қосып, hello@x2pos.com мекенжайына жіберу қажет.

Қаражатты банк картасына қайтару үшін компанияның сұратуы бойынша электрондық пошта арқылы жіберілетін «Қаражатты қайтару туралы өтінішті» толтырып, төлқұжаттың көшірмесімен бірге hello@x2pos.com мекенжайына жіберу қажет.

Қаражатты қайтару өтініші Компанияға келіп түскен күннен бастап 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде банк картасына қайтарылады.

Басты бетке оралу
dd.mm.yyyy
en
en